ШЫМКЕНТ: Алқабиге кандидаттардың тізімі 6 мыңға көбейді

0
540

Алқабиге кандидаттарды іріктеу рәсімін цифрландыру қажеттілігі туралы ұсыныс айтылды.


ШЫМКЕНТ: Алқабиге кандидаттардың тізімі 6 мыңға көбейді

Шымкентте сот, құқық қорғау органдары мен адвокаттардың қатысуымен дөңгелек үстел өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Басқосуда сот, құқық қорғау органдарына берілген тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған шаралар талқыланды.
Сонымен қоса, алқабилер сот төрелігін жүзеге асыруға қоғам өкілдерінің кеңінен қатысуына жол ашу керектігін және алқабилердің қарауына берілетін істердің санатын кеңейтуге баса мән берді.
Алқабиге кандидаттардың бірыңғай және қосалқы тізімдері 4 000-нан 6 000-ға дейін көбеюде.
Дөңгелек үстелге қатысушылар алдағы уақытта алқабиге кандидаттарды іріктеу рәсімін цифрландыру қажеттілігі туралы ұсыныс білдірді.