ШЫМКЕНТ: Алтын Төбе ауылының тұрғындары наразылыққа шықты

0
2 601

Жиналған адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді.


ШЫМКЕНТ: Алтын Төбе ауылының тұрғындары наразылыққа шықты

ФОТО: Әлеуметтік желіде тараған видеодан скриншот

Шымкент қаласы Абай ауданына қарасты Алтынтөбе ауылынының тұрғындары наразылыққа шықты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

4 сәуір күні сағат 11:00 шамасында 40-қа жуық адам Алтын төбе аулында бұрын құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен ұсталған фирманың басшылығын босатуды және фирманың жұмысын қайта бастауды талап етіп, көпшілік пайдаланатын орталық жолды жауып тастауға тырысты.

Келген полицейлер тәртіпті толық қамтамасыз етті. Жиналған адамдармен түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Шымкент қаласы ПД Абай аудандық Полиция басқармасына 30-ға жуық адам жеткізілді, қалғандары таратылды.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, наразылыққа алтын бұйымдарын өндіретін жергілікті цех директоры Жасұлан Маматуллаевтың ұсталуы және цехтың полиция қоршауына алынып, тоқтап қалуы түрткі болған. Олардың сөзіне қарағанда, ауылдың еңбекке жарамды тұрғындарының көбі осы цехта жұмыс істейді.

Тексеру барысында аталған азаматтардың іс-әрекетіне құқықтық баға берілетін болады, деп хабарлады Шымкент қаласының ПД баспасөз қызметі.