ШЫМКЕНТ: «Алтынсай» шаруа қожалығында жылына мың бас жылқы бордақыланады

0
1 043

Кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.


ШЫМКЕНТ: «Алтынсай» шаруа қожалығында жылына мың бас жылқы бордақыланады

Шымкент қаласы Қаратау ауданы Сайрам тұрғын алабында орналасқан «Алтынсай» шаруа қожалығы биыл 3 тоқсанда жұмысын бастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Инвестордың өз қаражаты есебінен іске қосылған кәсіпкерлік нысан 25 адамды жұмыспен қамтып отыр.

Қала әкімі жылқы және ірі қара бордақылауға маманданған өндірістің жұмыс барысын аралап көрді. Жоба құны – 770 млн теңге. 5 га аумақта орналасқан шаруа қожалық жылына 1000 бас жылқы бордақылауға қауқарлы.
Аталған кәсіпкерге 84 млн теңге мемлекеттік қолдау көрсетілген. Нәтижесінде ішкі нарық жылқы етімен қамтамасыз етілуде.