ШЫМКЕНТ: Алтынтөбе тұрғын алабындағы электр бағаналары жаңартылып жатыр

0
830

Ескірген трансформатор мен бағаналарды жаңарту жұмыстарын - "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС инвест атқаруда.


ШЫМКЕНТ: Алтынтөбе тұрғын алабындағы электр бағаналары жаңартылып жатыр

Шымкент қаласы Алтынтөбе тұрғын алабындағы электр бағаналары жаңартылуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданына қарасты Алтынтөбе тұрғын алабы электр жарығымен толықтай қамтылғанымен, тозығы жеткен электр бағаналарының ескіруі салдарынан жарық жиі сөніп қалуда.
Орын алған факторлардың алдын алу мақсатында бүгінде тұрғын алабтардың бағаналарын ауыстыру жұмыстары жүргізілуде.
Ескірген трансформатор мен бағаналарды жаңарту жұмыстарын - "Оңтүстік Жарық Транзит" ЖШС инвест атқаруда.
Айта кетейік, тұрғын алабтағы бағаналардың жаңару жұмыстарын ағымдағы жылдың қыркүйек айында аяқтау жоспарланған.