ШЫМКЕНТ: Антикор 100-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

0
457

Мониторинг барысында 11 мемлекеттік органның шағын және орта бизнес субъектісіне барып тексеруді жоспарлағаны анықталды.


ШЫМКЕНТ: Антикор 100-ге жуық кәсіпкердің құқығын қорғады

«Бизнеске жол» жобасы аясында Шымкент қаласының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі мемлекеттік органдар тарапынан кәсіпкерлердің құқықтарын сақтауына мониторинг жүргізді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Мониторинг барысында 11 мемлекеттік орган 97 шағын және орта бизнес субъектісіне барып тексеруді жоспарлағаны анықталды.

“Алайда, кәсіпкерлік кодексіне енгізілген түзетулермен тексерулер жүргізудің жаңа тәртібі белгіленіп, алдын ала бармай профилактикалық бақылау жүргізбестен, субъектілерге (объектілерге) бару арқылы жүргізуге тыйым салынған. Мониторинг шеңберінде Департамент жоспарларды өзгертуге бастамашылық жасау үшін тиісті мемлекеттік органдарды хабардар етті”, - делінген жазбада.

Нәтижесінде 100-ге жуық кәсіпкердің құқықтары келісімшарттарды түзету жолымен объектілерге бару арқылы заңсыз тексерулерден қорғалды.