ШЫМКЕНТ: Асар 2 шағынауданында кезекті алаңша құрылысы аяқталды

0
467

Салтанатты рәсімге қатысқан шағынаудан ардагерлері өз алғыстарын жеткізді.


ШЫМКЕНТ: Асар 2 шағынауданында кезекті алаңша құрылысы аяқталды

Шымкент қаласы «Асар 2» шағынауданында кезекті алаңша құрылысы аяқталып, тұрғындарымызды қуантты, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған әмбебап ойын алаңдары мен спорт алаңшасының салтанатты ашылуына аудан әкімі орынбасары Қ.Қалдықараев, қалалық мәслихат депутаттары Т.Балтабаев, А.Наимбекова,А.Елшиева қатысып, тұрғындарды алаңшаның ашылуымен құттықтады.Сондай-ақ, салтанатты рәсімге қатысқан шағынаудан ардагерлері өз алғыстарын жеткізді.
Еске сала кетейік, жаңа әмбебап ойын әрі спорт алаңшасының құрылыс жұмыстары мердігер мекеме «Агроспецмонтаж» ӨК тарапынан жүзеге асырылды.