ШЫМКЕНТ: Асар шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
351

Аталған жұмыстың барысын аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалауда.


ШЫМКЕНТ: Асар шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкентте шалғай елдімекендердің инфрақұрылымын дамыту және абаттандыру жұмыстарын қарқынды жүргізу жөніндегі қала әкімінің тапсырмасына сәйкес Қаратау аудан аумағындағы «Асар» шағынауданында абаттандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған жұмыстың барысын аудан әкімі аппараты тарапынан қадағалауда.
Нәтижесінде аудандық инфрақұрылым және көріктендіру бөлімі тарапынан абаттандыру жұмыстарына жауапты мекемеге құрылыс жұмыстарының талапқа сай әрі сапалы жүргізілуі қажеттігі ескертілді.
Еске сала кетейік, «Асар» шағынауданындағы 23, 26, 27, 29 үй ауласын абаттандыру мақсатында бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Азат Строй Сервис» ЖШС жүргізуде.