ШЫМКЕНТ: Әскери бөлімде балалар күніне арналған ашық есік күні өткізілді

0
723

Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама ұсынылды.


ШЫМКЕНТ: Әскери бөлімде балалар күніне арналған ашық есік күні өткізілді

Шымкент қаласындағы 6506 әскери бөлімінде балалар күніне арналған ашық есік күні өткізілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Іс-шара барысында кішкентай бүлдіршіндерге концерттік бағдарлама ұсынылып, бөлімнің саптық алаңында әскери қару-жарақ пен техника көрмесі ұйымдастырылды.

Аталмыш мейрам қарсаңында балалар арасында би байқауы өткізіліп, ең үздік бишілерге бөлім тарапынан бағалы сыйлықтар табысталды.