ШЫМКЕНТ: Ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз адасып кеткен

0
2 008

Туыстарының қарауынсыз қалған бүлдіршін қыз адасып қалған. Оны "СПИДтен балаларды қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева байқап қап, кеңсеге ертіп әкеп полицияға хабар берген.


ШЫМКЕНТ: Ата-анасының қарауынсыз қалған кішкентай қыз адасып кеткен

Шымкентте үлкендердің қарауынсыз қалған 3-4 жасар бүлдіршін қыз адасып кетті - деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Көшеде жалғыз өзі жүрген балақайды "СПИДтен балаларды қорғайық" қоғамдық қорының төрайымы Жанетта Жазықбаева байқап қап, кеңсеге ертіп әкеп полицияға хабар берген. Бұл туралы ол фейсбук әлеуметтік желісіндегі парақшасында жазды.

"Баланың ересектердің қарауынсыз жүргенін байқап бүлдіршіннен сұрай бастадым. Ол үндеген жоқ. Жыламады да. Күн салқын болғандықтан қолдары жаурап қапты. Кеңсеге кіріп су ішіп, тәттіден жеп болғасын полицияға хабар бердім"-деп жазды Ж.Жазықбаева.


Аз уақытта қыз баланың анасы да лезде табыла кеткен. Белгілі болғандай, анасы 3-4 жасар қызын екі үлкеніне қарауды тапсырып кеткен. Ойынға алданған олар кішкентай бауырларын естен шығарып жіберген.
"Балаларға абай болыңыздар. Барлығы жақсы аяқталғаны керемет. Десе де мұқият болған абзал"-деп жазды Ж.Жазықбаева.