ШЫМКЕНТ: Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр

0
575

Кездесу барысында 2021 жылы атқарылған жұмыстармен 2022 жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.


ШЫМКЕНТ: Аудан әкімінің тұрғындармен кездесуі жалғасып жатыр

Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы Жарлығына сәйкес, Абай ауданының әкімі Қазығұрт, Құрсай, Карл Маркс, Ақжар, Ақтас-1, Ақтас-2 және Айкөл елді мекенінің тұрғындарымен кездесу өткізді, ERNUR.KZ.

Кездесу барысында 2021 жылы атқарылған жұмыстармен 2022 жылы атқарылатын жұмыс жоспарымен бөлісті.
Кездесуге мәслихат депутаты, аудан прокуроры, қоғамдық кеңес мүшелері және аудандық қоғамдық бақылау кеңесінің төрағалары қатысты.
Кездесу барысында тұрғындардың жол, жарық, табиғи газ, кәріз, қоғамдық көлік және т.б. сұрақтарына жауап берді.
Қойылған барлық сұрақтардың тізбесі жасалып, орындалуы бойынша мерзімінде тиісті хабарламалар берілетін болады.