Шымкент ауыл шаруашылығы өнімі бойынша бірінші орында

0
1 697

Жалпы өнім көлемі 27 192,3 миллион теңгеге жетіп отыр.


Шымкент ауыл шаруашылығы өнімі бойынша бірінші орында

иллюстрациялық фото: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда артқан, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Бұл туралы бүгін Ақпараттық-коммуникациялық орталығында өткен баспасөз жиынында Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Б.Парманов мәлімдеді. Оның айтуынша, 2019 жылдың 10 айында Шымкенттегі ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 4 064,7 млн. теңгеге артқан.

Нәтижесінде жалпы өнім көлемі 27 192,3 миллион теңгеге жетіп отыр. Ал, нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 106,8%-ға жетті. Бұл көрсеткіш республика бойынша бірінші орынды иеленген (99,8%), ал жылдық жоспардың орындалуы – 102,0%.