ШЫМКЕНТ: 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты артады

0
2 449

Шымкентте ауылшаруашылығы өнімдерін 2022 жылға дейін "Ақылды фермалар", жаңа технологияларды енгізу арқылы 4,9 млн теңгеден 12 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр.


ШЫМКЕНТ: 2022 жылға қарай ауыл шаруашылығы өнімінің экспорты артады

Шымкент қалалық Қазақсан халқы Ассамблеясы жанындағы Қоғамдық келісім кеңесінің отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ

Кеңес отырысының төрағасы Орынбай Рахманбердиев қатысып, кеңесті ашты. Кеңес - Елбасының тапсырмасына сәйкес, Президенттің бес әлуметтік бастамасының орындалуын зерделеп, жергілікті бюджетті тиімді пайдалану және агроөнеркәсіптік секторда прогрестік технологияларды ілгерлету бағытындағы жұмыстарға қоғамдық бақылауды жүзеге асыратын болады.


"Бүгінгі таңда қаламыздағы мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмекті алатын отбасы саны 10 мыңнан 20 мыңға дейін ұлғаяды.Оларға әр балаға 18 жасқа толғанға дейін және 23 жасқа дейінге студенттерге 20789 теңге мөлшерінде атаулы әлеуметтік көмек төленеді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасылраға және бала кезінен мүгедектігі бойынша алынатын жәрдемақылар, стипендия отбасылық кіріске енгізілмейтін болды, - деді Шымкент қаласы Жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасының басшысы Ғалымжан Балтаев.

Сондай-ақ басқарма басшысы қала тұрғындарының отбасылық әлеуметтік картасын жасақтау мақсатында республика бойынша әлеуметтік көмек түрлерін цифраландыру бойынша "Е-халық" базасы енгізілетіндігін атап өтті. Сонымен қатар, қалада "Белсенді ұзақ өмір сүру" орталығы және де "Аналар орталығын" ашу бойынша жоспарымен де бөлісті.

Қазақсан халқы Ассамблеясы жанынан құрылған Қоғамдық келісім кеңесінің отырысында Шымкент қалалық Ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасының да есебі тыңдалды.

"Еңбек өнімділігін және қайта өңделген ауыл шаруашылығы өнімінің экспортын 2022 жылға қарай 2,5 есе қобейту, Осыған байланысты, өткен жылдың еңбек өнімділігі бойынша көрсеткіші 4,9 млн теңге құраса, 2022 жылға қарай агроөнеркәсіп кешеніне цифраландыру элементтерін, дәлдік егістік, "Ақылды фермалар", жаңа технологияларды енгізу арқылы аталған көрсеткішті 12 млн теңгеге жеткізу көзделіп отыр, - деді Шымкент қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария басқармасы басшысының орынбасары Ғани Тұрманбай.

Кеңес мүшелері жергілікті атқарушы орган басшыларына сұрақтар қойып, басшылар тарапынан жауаптар алынды.