ШЫМКЕНТ: Бадам өзеніндегі көпірдің бір бөлігі ашылды

0
133

Елу жылдам астам тарихы бар ескі көпір ел игілігіне беріледі.


ШЫМКЕНТ: Бадам өзеніндегі көпірдің бір бөлігі ашылды

Шымкент қаласындағы «Қорғас - Алматы - Шымкент - Өзбекстан Республикасының шекарасы» А-2 автомобиль жолындағы Бадам өзенінен өтетін көпірдің бір бөлігі пайдалануға берілді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған көпірдің жалпы ұзындығы 144 метр болса, жүріс бөлігінің ені – 11,5 метр және жалпы ені – 28,2 метрді құрайды.

Сондай-ақ, жоспар бойынша көпір құрылысы толығымен 2020 жылдың желтоқсан айында аяқталады деп жоспарланған. Елу жылдам астам тарихы бар ескі көпірдің құрылыс жұмыстары толығымен аяқталған соң, жаңа көпір ел игілігіне берілетін болады.

Айта кетейік, бүгінгі таңда қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасымен Шымкентте А-2 автомобиль жолын қайта құру жұмыстары атқарылуда. Жоба 8 кезеңнен тұрса, оныңтөрт кезеңінде құрылыс жұмыстары, қалған 4 кезеңінде жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.

дереккөз: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Пікір қалдыруыңыз үшін сайтқа кіруіңіз қажет