ШЫМКЕНТ: ​Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында жол қозғалысы шектеледі

0
1 016

6 шілде мен 30 тамыз аралығында жол қозғалысы шектеледі.


ШЫМКЕНТ: ​Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында жол қозғалысы шектеледі

Шымкент қаласындағы Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшелерінің қиылысында 6 шілде мен 30 тамыз аралығында жол қозғалысы шектеледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласының Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының баспасөз қызметі мәлімдеді.

Шымкент қаласының бас жоспарына сәйкес қазіргі таңда Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысында жолайрық құрылысы жүргізіліп жатыр.

Құрылыс жұмыстарына байланысты Бәйдібек би даңғылында ағымдағы жылдың 6 шілдесінен бастап, 30 тамызға дейін автокөліктердің қозғалысы уақытша шектеледі.

Қосымша айналма жолдардың сызба тіркеледі.

Айта кетейік, Бәйдібек би даңғылы мен Арғынбеков көшесінің қиылысындағы 3 деңгейлі жолайрық құрылысы 2022-2023 жылдар аралығында қаланың көлік қозғалысын реттеудің кешенді жоспарына сәйкес жүзеге асуда. Нәтижесінде аталған көшелердің көлік өткізгіштік деңгейі екі есеге артпақ. Жолайрықтың техникалық сипатына орай Бәйдібек би даңғылында 700 метр, Арғынбеков көшесінде 921 метр көше аралығы құрылыс аумағына енген. Жоба бойынша ені 80 метрлі төрт-алты жолақты автомагистраль салынып, жол жиегіне жаяу жүргіншілер және веложол төселмек. Қазіргі уақытта аталмыш құрылыс нысанында Арғынбеков көшесі бойымен тіреу қабырғаларын орнату жұмыстары жүргізілуде. Ал Бәйдібек би даңғылында көпір өткелі конструкциялары орнатылуда. Сонымен қоса, 2022 жылдың соңында аяқталатын Қонаев көшесі мен Рысқұлов көшесінің қиылысындағы жолайрық құрылысы кестеге сай жүруде.Былтыр, көлік кептелісін азайту мақсатында, жолайырық құрылысы толық аяқталмай техникалық тұрғыда көлік қозғалысына ашылғанын еске саламыз. Қазір аяқжолдар салу жұмыстары, жер асты өткелін әрлеу және абаттандыру жұмыстары жүруде. Жоғарыда айтылғандай, екі деңгейлі жолайрықтың құрылысы 2020 жылдың мамыр айында басталып, 2022 жылдың аяғына дейін аяқтау жоспарланған.