ШЫМКЕНТ: Барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

0
440

Қала көшелерін тазалауға 24 техника жұмылдырылды.


ШЫМКЕНТ: Барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр

Шымкент қаласының барлық аудан аумағында қар тазалау жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданында «ЛТД-Тұрмыс» ЖШС тарапынан 27 техника негізгі және ішкі орамдық көшелерді қардан тазарту жұмыстарын атқаруда. Оған қоса аяқжолдарды тазалауға 54 адам жұмылдырылды.
Сонымен қатар, «Ақсемсер» ЖШС-ның 90 қызметкері аулаларды тазалау жұмыстарын жүргізуде.
Әл-Фараби ауданы аумағындағы көшелерін қардан тазарту жұмыстары 4 бағытта жүргізілуде. Әр бағыт бойынша схема дайындалып, көшелердің ұзындығы белгіленген. Қар жауған сәттен бастап, кезекші бригадалар жұмысқа кірісіп кетті.
Бүгінде қардың көп түспеуіне байланысты қаланың көшелерін тазалауға 24 техника, ал 6 шағын тракторлар аяқжолдарды қардан тазартуға жұмылдырылды. Таңғы қызу қозғалыс басталғанға дейін көшелердің қардан тазартылуы жіті қадағалауда.
Бүгінде ауданда қыс мезгілінде көшелердегі қарды күреуге арналған жалпы 25 бірлік техника, 8 бірлік тиегіш (погрузчик), 7 трактор, 16 бірлік самосвал, жұмысшыларды тасымалдау үшін 4 бірлік автобус, 1 бірлік "автомастерская" техникасы, жалпы 61 техника 285 жұмысшы жұмылдырылған. Жалпы аудан аумағын 4 сағат ішінде қардан түгел тазарту мүмкіндігі бар.
Қосымша қажеттілікке байланысты «ЛТД Тұрмыс» ЖШС тарапынан 29 жалдамалы техникамен келісімшарт жасалған.