ШЫМКЕНТ: Бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

0
1 527

Бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды.


ШЫМКЕНТ: Бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды

иллюстрациялық сурет: ашық дереккөзден

Шымкент қаласындағы полиция департаментіне бір апта ішінде 7022 қоңырау келіп түскен, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2021 жылдың 29 наурыз бен 4 сәуір аралығында Шымкент қаласы Полиция департаменті Жедел басқару орталығының “102” арнасына түрлі сипаттағы 7022 қоңырау келіп түсті. Оның -2938 тіркеуге алынып, қазіргі таңда тергеу амалдары жүргізілуде. Бір апта ішінде бейнебақылау камераларының көмегімен 5 қылмыс ашылды.

Айта кетейік, бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық тәртіпті және жол қауіпсіздігін қадағалайды. Сондай-ақ, құқық бұзушылықтардың алдын алуға және қылмысты ізін суытпай ашуға үлкен көмек көрсетеді.

Нөлдік төзімділік қағидаты және әкімшілік құқық бұзушылықтар бойынша 903 факті анықталды: ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қоқыс тастау) – 12 жайт, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда мас күйінде болу) – 26, ҚР ӘҚБтК-нің 449-бабы бойынша (Қоғамдық орындарда қайыршылық жасау) – 20, жол қозғалысы ережелерін бұзу 705 және өзге де 140 құқық бұзушылықтар.