«SHYMKENT BIKE»: Шымкенттіктердің велосипедке сұранысы артты

0
646

Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған. Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр.


«SHYMKENT BIKE»: Шымкенттіктердің велосипедке сұранысы артты

«Shymkent bike» қыркүйек айында іске қосылған болатын. Содан бері велосипед 4 324 рет жалға берілген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жобада 160 велосипеді бар 40 велостанция қарастырылған. Әзірге соның 31-і жұмыс істеп тұр. Қалған 9 станция алдағы уақытта іске қосылады.
Қыркүйектен бері 100-ге жуық абоненттік карта сатылса, 31 тұрғын өз картасын қайта қалпына келтіріпті. Ал 39 карта иесі абономент мерзімін ұзартса, 21 клиент қосымша баланс алған.
Биыл Д.Қонаев даңғылы мен Ғ.Иляев, Ә.Жангелдин, А.Асқаров, А.Байтұрсынұлы және Түркістан көшелерінің бойына веложолақ салынып, кезең-кезеңімен пайдалануға берілуде. Веложолдардың ұзындығы 20 шақырым. 2025 жылға қарай Шымкентте 110 шақырым веложолдар, 1500 велосипеді бар 200 велостанция салуды жоспарлап отырмыз,-деді қала басшысы Мұрат Дүйсенбекұлы.
ТАРИФТЕР
  • 30 минут тегін
  • 1 айлық абонемент – 2 500 теңге
  • 3 айлық абонемент – 6 000
  • 1 жылдық абонемент – 10 000 теңге