ШЫМКЕНТ: Бір күнде екі бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

0
896

Екі бүлдіршін де жансақтау бөлімінде жатыр.


ШЫМКЕНТ: Бір күнде екі бүлдіршін көпқабатты үйдің терезесінен құлап кетті

Шымкент қаласында бір күннің ішінде екі бүлдіршін көпқабатты тұрғын үйдің терезесінен құлап кетті. Екі бала да ересектердің қарауынсыз қалған, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

"Бірінші оқиға күндізгі уақытта №17 шағын ауданында болған. Бұл туралы Дағдарыс жағдайда басқару басқармасына сағат 16.35-те «103» жедел жәрдем қызметінен хабарлама келіп түскен. 2022 жылы дүниеге келген қыз бала 4-қабаттағы терезеден құлап, дереу ауруханаға жеткізілген.

Ал екінші оқиға «Спорт» шағынауданында кешкі уақытта болған. Бұл туралы да төтеншеліктерге жедел жәрдем қызметіндегілер хабарлаған. Төртінші қабаттан құлап кеткен 2019 жылы дүниеге келген бала шұғыл түрде ауруханаға жатқызылды.

Дәрігерлердің айтуынша, екі бүлдіршін де жансақтау бөлімінде жатыр, жағдайлары ауыр. Қазіргі таңда полицейлер екі оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр", - деп жазылған хабарламада.