Шымкентте бір отбасы газдан улана жаздады

0
662

Газдан улана жаздаған әйел «тіпті ойыма да алғым келмейді» деп ашынады.


Шымкентте бір отбасы газдан улана жаздады

Шымкент қаласында бүтіндей бір отбасы газдан уланып қала жаздады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Газдан улана жаздаған әйел «тіпті ойыма да алғым келмейді» деп ашынады.

- Менің жолдасым ванна қабылдап болған соң, балаларымның бозарып кеткенін байқадым. Ал, кенже балам тіпті есінен тана жаздады. Осыдан кейін өзімнің де мазам қаша бастады. Бірден жедел жәрдемді шақырдық. Бәріне көгілдір отын кінәлі, - дейді Зардап шеккен азаматша.

Шын мәнінде жағдайдың орын алуына тілсіз жау яғни, улы газ себеп болған. Бөлмеге иіс пен түссіз енетін ол ақырындап жан біткеннің барлығын улай бастайды.

Қаладағы көпқабатты үйлерге газ колонкасын орнатуға рұқсат жоқ. Бірақ, бұған көндігіп, түсінетіндер қарасы аз дейді мамандар.

Соңғы кездері газдан улану жағдайы тым жиілеп кеткен. Қазан айынан бері қалада қайғылы 10 жағдай тіркеліп, 20 адам зардап шеккен.