ШЫМКЕНТ: Бірінші кезектегі шығындарға қосымша қаржы қаралды

0
911

"Шымкент сити" орталығындағы 504 пәтерлі 8 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 1 171,3 млн.теңге қаралған.


ШЫМКЕНТ: Бірінші кезектегі шығындарға қосымша қаржы қаралды

Бұл Шымкент қалалық ішкі саясат басқармасында 2019-2021 жылдарға арналған бюджетін нақтылау бойынша өткен баспасөз брифингінде белгілі болды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Атап айтсақ, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ербол Әбілхайырұлының қатысуымен өткен жиында бағдарлама әкімшілерінің үнемделген және игерілмеу қауіпі бар қаржыларын қайта бағыттау есебінен бірқатар бірінші кезектегі шығындарға:

• Мүгедектерді қажетті құрал жабдықтармен қамтамасыз етуге 200,0 млн теңге;

• Қоғамдық жұмыстарды ұйымдастыруға 140,3 млн.теңге;

• Тұрғындардың жекелеген санаттарына амбулаториялық деңгейде дәрілік заттармен тегін қамтамасыз етуге 81,0 млн. теңге;

• Мүгедектерге медициналық әлеуметтік қызмет көрсететін мекемелердің күтіп ұстау шығындарына 90,8 млн.теңге;

• Ішкі орамдық жылу жүйелерінің ағымдағы жөндеу және қымтау жұмыстарына400,0 млн.теңге;

• 7 көшедегі орташа жөндеу жұмыстарын аяқтауға 176,8 млн.теңге;

• Қаладағы 3 тұрғын-үйдің сейсмикалық нығайту жұмыстарын аяқтауға 77,4 млн.теңге;

• "Шымкент сити" орталығындағы 504 пәтерлі 8 коммуналдық тұрғын үйдің құрылысын аяқтауға 1 171,3 млн.теңге;

• Достық мөлтек ауданынан Сыпырған ата көшесі арқылы Темірлан тас жолына дейін магистралды су өткізгіштің құрылысын аяқтауға 300,0 млн.теңге;

• Сайрам тұрғын алабы Тассай бөлімшесіндегі газ жүйелерінің және Нұрсат шағын ауданындағы "Бахыт" тұрғын үй кешенінің инженерлік-инфрақұрылымының құрылысын аяқтауға 126,2 млн. теңге;

• Айкөл және Ақжар елді мекеніндегі ауыз су жүйелерінің құрылысын аяқтауға 143,3 млн. теңге қосымша қаржы қаралғаны анықталды.

Еске сала кетейік, осының алдында Шымкент қаласының бюджеті артатынын хабарлаған болатынбыз.