ШЫМКЕНТ: Бірінші жарты жылдықта 67 қылмыс тікерлген

0
554

Сотқа 60 қылмыстық іс жолданып, 28 адам сотталды.


ШЫМКЕНТ: Бірінші жарты жылдықта 67 қылмыс тікерлген

Шымкент қаласында бірінші жартыжылдықта 67 қылмыс тікерлген, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

"Бірінші жартыжылдықта Департаментпен 67 қылмыс тіркелген. Оның 63 % ауыр қылмыс түрлеріне жатады.

Тіркелген қылмыстардың ішінде парақорлық (37) және жымқыру фактілері (16) басым» - деп хабарлады ағымдағы жылдың 1-ші жартыжылдығындағы мекеме қызметін қорытындылау кезіндегі онлайн брифинг барысында Департамент басшысы Асхат Жұмағали.

Салалар бойынша анықталған қылмыстардың ең көп саны құқық қорғау блогында 22 факт, сонымен қатар, ауыл шаруашылығы саласына – 14, білім саласында – 5,сот саласында – 4, құрылыс, әлеуметтік қамтамасыз ету салаларына 3-ден тіркелген. Сотқа 60 қылмыстық іс жолданып, 28 адам сотталды.",-делінген хабарламада.