ШЫМКЕНТ: Бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы салынады

0
1 754

Қазіргі уақытта аталған аулаларды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр.


ШЫМКЕНТ: Бірнеше көпқабатты тұрғын үйдің ауласы абаттандырылып, балалар ойын алаңшасы салынады

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты бес көпқабатты тұрғын үйдің ауласы жаңаша кейіпке енеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданы әкімдігі ресми парақшасында жариялады.

Аталған ақпаратқа сүйенсек, мемлекеттік-жекеменшік әріптестік аясында Әл-Фараби ауданы Т.Айбергенов өткелі 4, 6, 1, 8, 10 көпқабатты тұрғын үйлерінің аулаларын абаттандыру, балалар ойын алаңшасын орнату үшін үй басқарушыларымен және тұрғындармен кездесу өткен.

Сондай-ақ, кездесу барысында тұрғындарға орнатылатын ойын элементтерінің эскиздік жобасы таныстырылған.

Айта кетейік, қазіргі уақытта «Строи.ком «Прогресс» ЖШС тарапынан аталған аулаларды монтаждау жұмыстары жүргізіліп жатыр екен.