ШЫМКЕНТ: Бірнеше шағын аудандарда электр жарығы уақытша сөндіріледі

0
1 181

Теріскей-Күншығыс, Тараз, Нұрсәт-2 және Нұрсәт-3 шағынаудандарында жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік объектілерді электр қуатымен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылады.


ШЫМКЕНТ: Бірнеше шағын аудандарда электр жарығы уақытша сөндіріледі

Шымкенттегі кейбір шағын аудандарда электр жарығы уақытша сөндіріледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

2020 жылдың 18 маусымында сағат 11:00-ден 18:00-ге дейін 10кВ электр желілерінде сымдарды тарту және ағаштардың ұшар басын кесу жұмыстары жүргізіледі. 10 кВ. ЭБЖ 27 ұяшық және 30 ұяшық ПС-110/10кВ "Восточная". ЭжКШБ теңгеріміндегі ЭБЖ-10кВ.

Осындай жоспарлы жұмыстардың атқарылуына байланысты Теріскей-Күншығыс, Тараз, Нұрсәт-2 және Нұрсәт-3 шағынаудандарында жергілікті тұрғындар мен әлеуметтік объектілерді электр қуатымен қамтамасыз ету уақытша тоқтатылады.

Қан орталығы, медициналық құралдар стерилдеу орталығы және перзентхана электр жабдықтауын дизельді электр станцияларына көшіреді.