ШЫМКЕНТ: Биыл Ақжардағы топырақ жол мәселесі толығымен шешіледі

0
750

Ақжар тұрғын алабы электр жарығымен және ауыз сумен​ толық қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Биыл Ақжардағы топырақ жол мәселесі толығымен шешіледі

Биыл Шымкент қаласы Ақжар тұрғын алабында топырақ жол мәселесі толығымен шешіледі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданына қарасты Ақжар тұрғын алабы 2810 гектар аумақта орналасқан. Онда 5 мыңнан аса тұрғын қоныстанған. Бір мектеп пен бір балабақша, медбекет, 4 спорт алаңшасы бар. Бұл жылы тағы 1 спорт және 1 балалар алаңшасы салынады. Мұндағы тұрғындар жолдарды асфальттап, үш ауысымды мектептің мәселесін шешіп беруін қалайды.
Ақжар тұрғын алабы электр жарығымен және ауыз сумен толық қамтылған.
2022 жылы Ынтымақ, Жаңақұрылыс көшелеріне шағал тас төселеді.
Өткен жылы 1,5 шақырымды құрайтын Ғ.Мұратбаев және Шымкент көшелері жарықтандырылды.
№122 мектепте үш ауысымда 2000-ға жуық бала оқиды, қосымша мектеп салу мәселесін шешу мақсатында 300 орындықты мектеп ғимаратын салуға ЖСҚ әзірленуде. Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылғы жоспарға енгізілген.