ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданында 20-ға жуық көше жарықтандырылады

0
581

Әл-Фараби ауданында өткен жылы 8 көше жарықтандырылды.


ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданында 20-ға жуық көше жарықтандырылады

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде қаланы жарықтандыру бойынша жұмыс жоспарларын баяндады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте 2021 жылы көшелерді жарықтандыру көрсеткіші 43,4 пайызды құрады. Биыл да бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылады.
Әл-Фараби ауданында өткен жылы 8 көше жарықтандырылды. Атап айтқанда, «Наурыз» шағынауданындағы Жабай ата, Тәжібаев, Дәулетұлы, Тәжібай ата көшелері және Ақжелкен («Ақжайық» шағынауданы), Жұлдыз («Айқап-Түркістан» шағынауданы), Орманов көшесіне («Төменгі отырар» шағынауданы) жарық шамдар орнатылды.
Биыл ауданда I, II сектор бойынша 9 көше жарықтандырылады. Олар – Еркіндік («Самал-1» ша), Жанкент («Наурыз» ша), Көктас («Айқап-Түркістан» ша), Асфендияров, Балқарағай, Мырзабеков («Ақжайық» ша) және Қонаев даңғылы қиылысынан бастап Тәжібаев көшесі соңына дейін жарықшам қойылады.
2022 жылы ауданда жалпы 17 көшені жарықтандыру жұмыстары жүргізіледі.
2023 жылы 15, 2024 жылы 7 көшені жарықтандыру қалалық энергетика және инфрақұрылымды дамыту басқармасының жұмыс жоспарына енгізілді. Яғни, 2024 жылы жарықтандыру көрсеткішін 100 пайызға жеткізу жоспарлануда.