ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданындағы 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді

0
497

Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар.


ШЫМКЕНТ: Биыл Әл-Фараби ауданындағы 30-ға жуық көшеге асфальт төселеді

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданындағы 27 көшеге асфальт төселеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Әл-Фараби ауданының әкімі Рашид Мыңбаев брифинг барысында мәлімдеді.

Бүгінде Әл-Фараби ауданында ұзындығы 267 шақырымды құрайтын 382 даңғылдар, көшелер мен өткелдер бар. Жолдардың 234,3 шақырымы асфальт, 28,2 шақырымы тас жол және 4,5 шақырымы топырақ жолды құрайды.
2023 жылы 27 көшеге асфальт төселді.
Атап айтқанда:
• «Сәуле» шағын ауданы 195-орамдағы, Қарағанды, Ақжайқын, Қызылтас, Жалаұлы, Атауы жоқ №1 көшелері;
• «Сәуле» шағын ауданы Женістін 50 жылдығы №1,2, Жастар, Жабаев, Жаңабазар тұйықтары мен Маркакөл, Ақсемсер, Мұратбаев көшелері;
• «Сәуле» шағын ауданы 275-орамдағы, Ақмылтық, Қаржантау, Үшағаш, Баянауыл көшелері;
• Орталық аумақта А.Байтұрсынов көшесінен Желтоқсан көшесінің тұйығы мен Иляев көшесінің кіре беріс аумағы, Ш.Қалдаяқов көшесінен «Хадиша» бала-бақшасына дейін, М.Сапарбаев көшесі, «МЖК» ш/а. В.Терешкова мен Қамал тұйығы, Терешкова өткелі және Красноярский, Бекетті көшесі;
• Ескі қала шағын ауданы, Милицейский, Қызыл әскер, Құлантау көшелері.
Сонымен қатар, 2022 жылы шалғай елді мекенде орналасқан 34 көшеге 15,3 шақырым шағал тас төсеу жұмыстары жүргізілді. Оның ішінде «Береке» шағын ауданы 195 орамдағы 6 көше, 275 орамдағы 16 көшеге, 276 орамдағы 12 көшеге шағал тас төселді.
Айта кетейік, Шымкент қаласының аумағына кіретін жолдардың жалпы ұзындығы 3247,6 шақырымды құрайды. Оның ішінде, қаланың магистралды және ішкі орам көшелерінің 2066,1 шақырымы асфальт жол. Бұл жолдардың асфальт үлесімен 63,6% пайызды құрайды. Ал қала меншігіндегі 1024 шақырым жол, яғни 31,5% пайызы шағал тас төселген көшелер. 2022 жылдың қорытындысымен қала аумағындағы жолдар мен елді мекендердің көшелеріне жол құрылыс жұмыстар 287,8 шақырымға жүргізілді. 2023 жылы 256,8 шақырым жолға құрылыс жұмыстарын жүргізу жоспарланған. Ал, жолдардың жақсы және қанағаттанарлық жағдайы 2022 жылы 67,4% пайызды құрады. Бұл көрсеткішті 2023 жылы 71,2% пайызға жеткізу жоспарланып отыр. Қаланың магистралды көшелері мен ішкі орам көшелеріне орташа жөндеу жұмыстары 256,3 шақырымды құрайтын 152 нысанда немесе 294 көшеге жүргізіліп, пайдалануға берілді. Ал, 2023 жылы орташа жөндеу жұмыстарын 201,7 шақырымды құрайтын 253 көшеге жүргізу жоспарлануда.