ШЫМКЕНТ: Биыл Еңбекші ауданында 25 аула абаттандырылады

0
502

Сондай-ақ, жеке секторда 4 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылады.


ШЫМКЕНТ: Биыл Еңбекші ауданында 25 аула абаттандырылады
Биыл Шымкент қаласы Еңбекші ауданында 25 аула абаттандырылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.
Бүгінде аудан аумағындағы 283 көпқабатты тұрғын үй 132 аулаға біріктірілген. 2021 жылдан бастап абаттандыру жұмыстары «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында іске асырылуда. Жоба іске қосылған жылы 41 аула абаттандырылып, ойын алаңшалары ашылды. Ал, 2022 жылы «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аулаларды абаттандыру 2021 жылмен салыстырғанда 1,8 есеге артты. 2022 жылы 75 көпқабатты үйдің аулаларын абаттандырылып, жеке секторда 11 – кешенді балалар ойын алаңшалары құрылды.
Одан бөлек, 2023 жылдың І-кезеңмен 26 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 1 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлінді. Қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу іс-шарасы нәтижесінде жеңімпаз мердігер мекемелер жұмыстарын жүргізуде. Сонымен қатар, ІІ-кезеңмен 9 көпқабатты үй ауласын және жеке секторда 3 кешенді балалар ойын алаңшаларын құруға қаржы бөлініп, қазіргі таңда мемлекеттік сатып алу конкурсына құжаттар әзірленуде.
Тұрғындардың ұсынысына сәйкес, биыл 25 ауланы абаттандырып, балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Сондай-ақ, жеке секторда 4 кешенді балалар ойын алаңшасы құрылады.
Ауданда бұқаралық спортты дамыту мақсатында былтырғы жылы 6 спорт алаңшасы орнатылып, 5 алаңшаға қайта құру жұмыстары жүргізілді. Жыл соңына дейін 7 спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Сондай-ақ, 2023 жылы “Халық қатысатын бюджет” жобасы аясында Шымкент қаласы Тұран ауданында да 10 балалар ойын алаңшасын орнату жоспарлануда. Қазіргі уақытта Тұран ауданында барлығы 296 балалар ойын алаңшасы бар. Ал, биыл «Халық қатысатын бюджет» жобасы аясында аудан аумағында 10 балалар ойын алаңшаларын орнату жоспарланған. Сонымен қатар, аудан аумағында жаңадан 4 ашық спорт алаңшаларын орнату жұмыстарын жүргізу жоспарланып отыр.