ШЫМКЕНТ: Биыл Қатынкөпір шағынауданы сапалы интернетпен толық қамтылады

0
686

Шағынаудан 100 пайыз ауыз су, табиғи газ және сапалы электр жарығымен қамтылған.


ШЫМКЕНТ: Биыл Қатынкөпір шағынауданы сапалы интернетпен толық қамтылады

Шымкент қаласы Қатынкөпір шағынауданында инфрақұрылым мәселесі шешімін табуда, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Абай ауданына қарасты Қатынкөпір шағынауданында 37 мыңнан астам тұрғын бар. Шағынаудан 100 пайыз ауыз су, табиғи газ және сапалы электр жарығымен қамтылған.

Қазіргі таңдағы негізгі мәселе – орталықтандырылған кәріз жүйесі, көшелерді жарықтандыру, сапалы интернетпен қамту, тас жолдарға асфальт төсеу.
Аталған шағынауданда жалпы 107 көшенің 68-не асфальт төселген болса, 38-і тас және 1 көше топырақ жол. 2025 жылға дейін барлық көшелерге асфальт төселмек.
2021 жылы екі көшеге жарықтандыру жұмыстары жүргізіліп, жарық көшелер саны 8-ге жеткен. Алдағы үш жылда 10 көшені жарықтандыру жоспарда бар.