ШЫМКЕНТ: Биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады

0
374

Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92%-ы тартылған.


ШЫМКЕНТ: Биыл Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады

Биыл Шымкент қаласы Құрсай елдімекені сапалы ауыз сумен толық қамтылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі мәлімдеді.

Тұран ауданы аумағындағы Құрсай елді мекенін сапалы ауыз сумен қамту жұмыстарының 2-кезеңі 2021 жылы басталған. Бүгінге дейін ұзындығы 151 шақырым су құбырының 92%-ы тартылған.

Биылғы маусым айында қолданысқа берілетін нысан шағынаудандағы 22 мыңнан астам абонентті сапалы тіршілік нәрімен қамтуға мүмкіндік береді. Бүгінде ауданды ауыз сумен қамту көрсеткіші 99,5% құрап отыр.

Сондай-ақ, қазіргі таңда Құрсай елдімекенін табиғи газбен және жарықпен қамту үшін жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жыл соңына дейін басталатын құрылыс жұмыстарын алдағы жылы аяқтау жоспарлануда.
Айта кетейік, бүгінде қаладағы 81 елдімекеннің 78-не ауыз су үздіксіз берілуде. Бүгінде Құрсай 1,2-кезек, Қайнарбұлақ, Сайрам 1,2 және 3-кезек, Еңбекші жаңа құрылыс аудандарына су құбырлары жүргізілуде. Жыл соңына дейін 6 нысан пайдалануға беріліп, нәтижесінде 72 мыңға жуық отбасы сапалы ауыз суға қол жетізеді. Қала халқын тіршілік нәрімен қамту көрсеткіші биыл 98,5%-дан 100 пайызға дейін артады.

Қазіргі таңда ауыз су құбыры тартылып жатқан елді мекендердің бірі – Қайнарбұлақ. Бұл жерде бүгінде ауыз су кесте бойынша сағаттап берілде. Қайнарбұлақ елді мекенін таза ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында бюджеттен 6,7 миллиард теңге қаржы бөлінген. Оның ішінде өткен жылы 2,9 миллиард теңге игерілген болса, биылғы жылға 3,8 миллиард теңге бөлініп отыр. Бұл қаржыға жалпы ұзындығы 329,8 шақырымды құрайтын ауыз су жүйелері жүргізіледі. Қазіргі таңда мердігер мекеме – «Мелиоратор» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жұмысты қарқынды түрде жүргізіп жатыр. Биылғы жылдың төртінші тоқсанына қарай жұмысты толық аяқтау жоспарланған.