ШЫМКЕНТ: Биыл Сәуле шағын ауданында 4 көшеге асфальт төселеді

0
478

2023 жылы – "Қырыққыз", "Ақорда" көшелеріне асфальт төсеу жоспарлануда.


ШЫМКЕНТ: Биыл Сәуле шағын ауданында 4 көшеге асфальт төселеді

Биыл Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданына қарасты «Сәуле» шағын ауданы "275 орам"да 4 көшеге асфальт төселеді ERNUR.KZ

Аталған шағын ауданды мемлекеттік сапалы электр жүйесімен қамту мақсатында былтыр құрылыс жұмыстары басталған. Жалпы жұмыстың 70 пайызы атқарылды. Осы жылдың соңына дейін толық электр жарығымен қамтылады. Ауыз сумен толық қамтылған.

Табиғи газбен қамту үшін биыл құрылыс жұмыстары басталып, жыл соңына дейін аяқталады.
Шағын ауданды сапалы интернетпен қамту мақсатында қазіргі таңда оптика желісі жүргізілуде. Жаз мезгіліне дейін аяқталады.
Биыл 4 көшеге ("Ақмылтық", "Қаржантау", "Үшағаш", "Баянауыл") асфальт төсеу қолға алынады.
2023 жылы – "Қырыққыз", "Ақорда" көшелеріне асфальт төсеу жоспарлануда.
2023 жылға "Шалқар" көшесін жарықтандыруға ұсыныс берілмек.