ШЫМКЕНТ: биыл Тұран ауданында 43 көшеге ирригациялық арық салынады

0
445

18 шақырымды құрайтын 43 көшеге салынады.


ШЫМКЕНТ: биыл Тұран ауданында 43 көшеге ирригациялық арық салынады

сурет: Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

ERNUR.KZ. Биыл Шымкент қаласындағы Тұран ауданы аумағындағы елдімекендерде 18 шақырымды құрайтын 43 көшеге ирригациялық арық орнату жоспарланған.


Атап айтқанда:
Түркістан шағын ауданындағы Беткей көшесі (Беткей-Жүсіпов көшесі аралығы);
– Самал-1 шағын ауданындағы Қазиев көшесі (Б.Нұрлыбеков көшесі аралығы);
– Орталық аумақтағы 8-шағын ауданы Мамытов, Кентау көшелері, Б. Момышұлы көшесіндегі № 19 көп қабатты үй аумағы, Круговой, Рысқұлов және Орманов көшелері аралығы және Рысқұлбеков № 50 «А» көпқабатты үй аумағы;
– 112 орамдағы Шынар, Сарыағаш, Ахметов және Искра көшелері;
– Наурыз шағын ауданындағы Ж. Тұяқбаев көшесі;
– Ақжар елді мекеніндегі Тәуелсіздік, Құттыкөл, Ағынсай көшелері;
– Ақтас елді мекеніндегі Жылтыр, Деркөл, Сұлушаш көшелері.

Сонымен қатар, Қазығұрт елді мекеніндегі Оңдасынов, Түркістан, Жастар, Талдыкөл, Қаратас, Отырар, Мақталы, атауы жоқ 2 көше, ал Құрсай елді мекеніндегі Ащысай, Күмістікөл, Сатқанбайұлы, Мамешов, Қосарал, Қайнарлы, Қостерек, Егіндікөл, Алтынасар, Алтынды, Таңатар, Ұзынағаш және Жылысай, Сарытау, Ақтекше, Ақойман көшелеріне ирригациялық жүйелер жүргізіледі.