ШЫМКЕНТ: Биыл “Жастар бағдарламасы” аясында 900-ге жуық пәтер үлестіріледі

0
519

2020 жылы аталған бағдарлама бойынша 904 азаматқа пәтер кілті табысталған.


ШЫМКЕНТ: Биыл “Жастар бағдарламасы” аясында 900-ге жуық пәтер үлестіріледі

Биыл Шымкент қаласында 1 605 баспананы сатып алу құқығынсыз, жалға беру жоспарланған. Оның ішінде 857 пәтер жұмыс істейтін жастарға табысталады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қазіргі таңда бұл тұрғын үйлерде абаттандыру және инфрақұрылымдық жүйелерге қосу жұмыстары жүргізілуде. Тиісті жұмыстар аяқталған соң тұрғын үй басқармасында конкурс өтеді. Бұл туралы алдын ала құлағдар ету үшін хабарландыру барлық бұқаралық ақпарат құралдарында мен әлеуметтік желілерде жарияланады. «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы аясындағы 29 жасқа дейінгі жұмыс істейтін жастарға сатып алу құқығынсыз жалға берілетін тұрғын үй беру бағдарламасы бойынша Шымкент қаласында 2021 жылы 300 жас жалдамалы баспанамен қамтылған. 2020 жылы аталған бағдарлама бойынша – 904 азаматқа пәтер кілті табысталды. Тұрғын үй-коммуаналдық дамудың 2020-2025 жылдарға арналған «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына сәйкес жұмыс істеп жүрген жастарға сатып алу құқығынсыз берілген пәтерлер 5 жылдық мерзімге пайдалануға беріледі.
Айта кетейік, Шымкент қаласы бойынша тұрғын үй алу тізімінде 48 623 азамат тіркелген. Оның ішінде, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар – 1819, көпбалалы отбасылар – 9 186, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 16 957, мемлекеттік қызметшілер, бюджеттік ұйым және әскери қызметшілер – 20 634, жалғыз тұрғын үйі апатты жағдайда деп танылған азаматтар – 27.
Шымкент қаласы тұрғын үй басқармасының дерегінше, өткен жылы 976 отбасын арендалық пәтермен қамту жоспарланып, жыл қорытындысы бойынша 812 жанұя арендалық пәтермен қамтылған. Оның ішінде жетім балалар – 60, көпбалалы отбасылар – 240, халықтың әлеуметтік жағынан әлсіз тобы – 212, жұмыс істейтін жастар – 300. Қалған 164 пәтердің 121-і биыл қаңтар айында берілді. 43-і тұрғын үй комиссиясының қарауына ұсынылып, осы айда кезекте тұрған азаматтар баспанамен қамтылатын болады.