ШЫМКЕНТ: ​«Бозарық» индустриалды аймағы келесі жылы инфрақұрылыммен қамтылады

0
1 832

Мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай атқаруда.


ШЫМКЕНТ: ​«Бозарық» индустриалды аймағы келесі жылы инфрақұрылыммен қамтылады

Шымкентте «Бозарық» индустриалды аймағын инфрақұрылыммен қамту құрылысы қарқынды жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков нысанға арнайы барып, атқарылып жатқан жұмыстарды пысықтады. Осыған дейін мұнда 14,5 шақырым ауыз су, 6 шақырым газ құбырлары тартылған. Электр қуатымен қамту мақсатында қосалқы станция орнатылып, 8,8 электр желісі жүргізілген.

Мердігерлер автомобиль жолдарының құрылысын да кестеге сай атқаруда. Сондай-ақ қазір кірме, қоршау, әкімшілік ғимараты бойынша арнайы жобалар әзірленуде.
Қала әкімі жауаптыларға кәсіпорындарды сапалы инфрақұрылыммен қамтуды тиісті талаптарға сай орындауды тапсырды. Құрылыс жұмыстары келесі жылға өтпелі.
132,9 гектар аймақта жалпы құны 73,9 млрд теңгені құрайтын тамақ өнеркәсібі бойынша 30 жобаның пулы жасақталған. Жобалар
1000-нан астам адамды жұмыспен қамтиды. Бүгінде 20,7 млрд теңгені құрайтын 500-ге жуық жаңа жұмыс орнын қамтитын 4 инвестициялық жобаның құрылыс жұмыстары басталды. Бұл кәсіпорындарды 2025-2026 жылдар аралығында іске қосу жоспарланып отыр.