​«Shymkent City Bike»: қосымша велосипедтер сатып алынады

0
1 311

«Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер сатып алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


​«Shymkent City Bike»: қосымша велосипедтер сатып алынады

ERNUR.KZ. «Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер сатып алады, деп хабарлайды ERNUR.KZ otyrar.kz порталына сілтеме жасап.

«Shymkent City Bike» жақын арада қосымша велосипедтер сатып алады. Қазіргі таңда Шымкент қаласында 39 велостанцияда 200 велосипед бар. Халық саны 1 миллионға жеткен мегаполиске бұл велосипедтер жеткіліксіз. Мамандардың айтуынша, соңғы уақытта велосипедтерді пайдаланушылар қатары артып келеді.

Велосипедтер ұрлауға, сындыруға қарсы арнайы құрылғылармен жарақтандырылған. Дегенмен, велосипедтердің майда-шүйде құрылғыларын ұрлап кететіндер де жоқ емес. Көбіне қоңырауларын, жарықшамдарын қолды етеді.

Веосипедтердің төлемақысы да халық жағдайына ыңғайлы. Айлық төлем – 1 мың теңге болса, жылдығы 10 мың теңге тұрады.