​Шымкент: Д.Қонаев көшесі жабылады

0
3 377

Шымкентте жолайрық құрылысы басталғанына байланысты көліктер Қазыбек би көшесімен жоғары, М. Дулати көшесімен төменге қарай жүретін болады.


​Шымкент: Д.Қонаев көшесі жабылады

Шымкентте 15 қазаннан бастап Д. Қонаев даңғылы "Royal Fitness" клубына дейін жабылады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкентте алғаш рет қаланың орталығында жолайрық құрылысы басталады. Осы жоспарда бірнеше көшені қайта құру, жолайрықтар, жаңадан көшелер салу, бағдаршамдардың жұмысын оңтайландыру іс-шаралары қамтылған болатын. Солардың бірі – Т.Рысқұлов – Д.Қонаев көшелерінің қиылысындағы көлік жолайрығын салу жұмыстары 15 қазанда басталады.

Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Мақсұт Исахов алғашқы жолайрық құрылысы жалпы 3 кезеңді қамтитынын атап өтті.

Осы орайда үш кезеңде атқарылатын жұмыстар және жол қозғалысын ұйымдастыру мәселелерін тарқатып айта кетсек.

1-кезең. Д.Қонаев көшесінің шығысы, Т.Рысқұлов көшесінің оңтүстігі. (15.10.2020ж. – 31.12.2020 ж). Д.Қонаев көшесінің шығысы "Royal Fitness" клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесі аралығы жабылып, көлік қозғалысы Қонаев көшесінің батысындағы 4 жолақта 2 бағытты қарама-қарсы қозғалыс ұйымдастырылады. Сонымен қатар, Дулати және Қазыбек би көшелеріне (Рысқұлов көшесі мен Тәуке хан даңғылы аралығы) бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.

2-кезең. Қонаев көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (15.01.2021ж.- 01.07.2021ж.). Жол жабынын бұзу, газ құбырын жылжыту, ауыстыру (1,24 км, 273мм); жерасты байланыс желілерін ауыстыру (1,24 км); су құбырын жылжыту, ауыстыру (1,1 км, 920-1000мм); тоннелді қазу жұмыстары атқарылады.

Бұл кезеңде Д.Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Т.Рысқұлов көшесінен М.Дулати көшесіне дейін жабылады. Бұл аралықта тұтастай құрылыс жұмыстары жүргізіледі. Т.Рысқұлов көшесі әдеттегідей ашық болады. Осыған қосымша, Баян ауыл көшесіне Бәйдібек би даңғылынан Т.Рысқұлов көшесіне дейін бір бағытты қозғалыс ұйымдастырылады.

3-кезең. Рысқұлов көшесінде құрылыс жұмыстарын жүргізу (01.07.2021ж.-31.12.2021ж.). 2 жол өткелінің (путепровод) құрылысы; жер қазу жұмыстары (129 мың м3); свай орнату (ø1м, тереңдігі 34м, 48 дана); тіреу қабырғаларын бетондау (подпорные стены); арықтар салу және жол жабынын салу жұмыстары атқарылады. Т.Рысқұлов көшесінде жол қозғалысы толықтай жабылмайды. Жартылай жабу әдісімен ұйымдастырылады. Яғни Рысқұлов көшесі бойында қарама қарсы бағыттағы көлік қозғалысы жұмыс істейді. Бірақ ең ауқымды жұмыстар (ұзындығы 540 м тоннел) Қонаев көшесінде болғандықтан Қонаев даңғылы Роял клубы тұсынан Рысқұлов көшесіне дейін және Бәйдібек би даңғылы Рысқұлов көшесінен Дулати көшесіне дейін жабық болады.