ШЫМКЕНТ: “Dala battle” әскери-патриоттық іс-шарасы жалғасын тапты

0
443

Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды.


ШЫМКЕНТ: “Dala battle” әскери-патриоттық іс-шарасы жалғасын тапты

Шымкент қаласында Отан қорғаушылар күніне орай, Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен Индустриялды-техникалық колледж ғимаратында №75, №29, №49 және №3 білім беру мекемелерінің жастары арасында «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шара өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Аталған шараның мақсаты - оқушылардың дене даярлығын, спорттық шеберліктерін арттыру және патриотизмге баулу.

Іс-шара барысында сала қызметкерлері жастарға техникалық қауіпсіздік бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, «Dala battle» әскери-патриоттық іс-шарасының ережелерін түсіндірді. Сайыс түрінде өткен іс-шара 3 кезеңді қамтыды.
Атап айтсақ:

- 100 метр қашықтыққа жүгіру;
- белгіленген уақыт көлемінде автомат құралдарын, шашып жинақтау;
- алғашқы жәрдем көрсету.
Сайыс нәтижесінің қорытындысы бойынша, №49 мектеп бас жүлдеге ие болды. Ал, №29 мектеп жүлделі бірінші орынға, №75 мектеп II орынға жайғасты. №3 мектеп үшінші орынды иеленді.
Еске сала кетейік, Шымкент қаласы Абай ауданы жастар ресурстық орталығының ұйымдастыруымен №75 мектеп-гимназиясының жастары арасында «Dala battle» тақырыбы аясында әскери-патриоттық іс-шарасы өткен болатын. Аталған іс-шараға Тұран ауданы төтенше жағдайлар департаменті инспекторы Жорабек Нұрсұлтан қатысып, білім беру ұйымында қауіпсіздік шараларын сақтауға арналған дәріс оқыды. Сондай-ақ, табиғи және өзге де техногенді апаттар кезінде педагогтар мен оқушыларды қорғауға қатысты іс-қимылдар жөнінде түсіндірді. Өрт сөндіру жұмысын практикалық негізде көру мақсатында оқушылар арнайы тактикалық оқу-жаттығуларынан өтті. Онда жедел шақыртылым кезеңіндегі саптық жиын мен өрт сөндіру барысындағы жедел іс-әрекет кезеңдері көрсетілді. Сонымен қатар, оқу жаттығуларына белсене ат салысқан оқушылар жастар ресурстық орталығы басшысының алғыс хаттарымен марапатталды.