ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құртты алып тастады

0
1 542

Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасынан 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шыққан.


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер 14 жастағы қыздың бауырынан 9 см құртты алып тастады

Шымкентте балалар дәрігерлері 14 жастағы қыз баланың бауырынан 9 см эхинококк құртын алып тастады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жасөспірім осы жылдың 21-тамыз күні ауыр халде Асардағы балалар ауруханасының қабылдау бөліміне іш ауруы симптомы мазалаған баланы ата-анасы қабылдау бөліміне әкелген.

Дәрігерлер пациентті рентген, компьютерлік томография тексеруінен өткізіп, бауыр тұсынан эхинококк кистасын анықтаған. Жедел түрде науқасқа ота жасалған.

- Эхинококк кистасы анықталған соң баланы отаға дайындадық. Операцияны 22-тамыз күні жасадық. Баланың бауырына лапароскопия аппаратымен яғни ота тіліксіз жасалынды. Бұл операцияның ерекшелігі эхинококк кистасын 9,4 см және 8,1 см көлемді эхинакокк құрты шықты. Бала отадан кейін реанимацияда бақылауда болып, келесі күні палатаға ауыстырылды, - дейді дәрігерлер.

Айта кетейік, аурухананың білікті балалар хирург дәрігерлері Ержан Байдуллаев, Қайрат Ізбасов және Асанбай Курманалиев, Гулжан Айдинованың қатысуымен ота сәтті өтті. Науқастың қазіргі жағдайы жақсы. Дәрігерлер пациентті үйіне шығаруға дайындауда.