ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер қаланың шет аудандарында қабылдау өткізеді

0
1 747

Шымкентте медицина қызметкерлері қала шетінде орналасқан шағын аудандардағы тұрғындарды қабылдайды.


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлер қаланың шет аудандарында қабылдау өткізеді

Сәуір айының 23-мен мамыр айының 6-сы аралығында Қазақстанның барлық өңірлері мен қалаларында "Медицина жақын" атты акция өтеді, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Ауқымды акция аясында Шымкент қаласында дәрігерлерден құралған бригада 23 -30 сәуір аралығында қаланың шетінде орналасқан шағын аудандарға барып, медициналық қызмет көрсетеді.

Нақтырақ айтқанда, 23-сәуір күні сағат 10:00 және 12:00 арасында дәрігерлер "Ақжар" шағын ауданында қабылдау жұмыстарын жүргізеді. Невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары тұрғындарды жолдамасыз қабылдап, медициналық тексеру жұмыстарын жүргізбек.

Ал, 24-сәуір күні сағат 10:00-12:00 арасында "Жаңаталап" шағын ауданыда дәрігерлерден құралған топ қабылдау жүргізеді. Бұл күні шағын аудандағы xалыққа невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары медициналық қызмет көрсетеді деп көзделіп отыр.

25-сәуір сағ 10:00-12:00 арасында "Қайнарбұлақ"шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.

26-сәуір күні сағат 10:00-12:00 арасында "Тоғыс" шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары бар.

29-сәуір күні сағат 10:00-12:00 аралығында "Пахтакор" шағын ауданында дәрігерлер қабылдау жүргізеді. Дәрігерлерден құралған бригада құрамында невропатолог, кардиолог, окулист, эндокринолог, отоларинголог, маммолог/онколог, стоматолог мамандары халықты жолдамасыз қабылдап, медициналық көмек көрсетеді.