ШЫМКЕНТ: Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған

0
144

Спорт мектептеріндегі спортпен айналысатын адамдарды медициналық тексеруден өту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.


ШЫМКЕНТ: Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері заманауи медициналық жабдықтармен қамтылған

Бүгінде Шымкент қаласындағы Дәрігерлік-дене шынықтыру диспансерінде жандандыру жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы бүгін Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы басшысының орынбасары Ермек Дәрменов Өңірлік коммуникациялар қызметіне берген баспасөз конференцясында айтты.

Спорт мектептеріндегі спортпен айналысатын адамдарды медициналық тексеруден өту бойынша жүйелі жұмыстар жүргізілуде.

Қазіргі таңда аталған диспансер заманауи медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген. Шымкентте мұндай медициналық технологияларды алу қажеттілігі қазіргі заман талабы десек де болады. Спортшылардың халықаралық және республикалық ареналарда өнер көрсету нәтижелері болып келеді.
Жаңа медициналық технологияларды пайдалану арқылы:
Бірінішіден - спортшылардың нәтижелілігі мен физикалық жұмысқа қабілеттілігін арттыруға әкелетін емдеу мен қалыпқа келтіру процесіндегі диагностиканы жетілдіреміз;
Екіншіден – спортшылар дайындығының өлшемдеріне сараптама жасап, өлшемдерді түзетуге мүмкіншілік туады;
Үшіншіден – жаңа технологиялар арқылы спортшыларға биохимиялық, биомеханикалық, медико-биологиялық зерттеулер жасалынады;
Төртіншіден – спортшыларды үнемі кешенді медициналық тексерістен өткізіліп отыратын болады.
Сонымен қатар осы заманауи жабдықтармен қамтылған диспансердің табыс табуға мүмкіндігі бар. Мәселен өзге өңірлердің спортшыларына немесе қала тұрғындарына диспансер ақылы қызмет жасай алады.
Айта кетейік, 2023 жылы өткен Азия Ойындарының қортындысы бойынша мемлекет басшысы бір қатар тапсырмалар берді.
Қазақстан Республикасы Туризм және спорт министрінің 2023 жылдың 29 қарашадағы №560 хаттамалық тапсырмасына сәйкес, олимпиадалық спорт түрлеріне басымдылық жасау бойынша кезеңдік жұмыс жүргізу тапсырылған. Бүгінде өңірдің ерекшелігіне сәйке нақты спорт түрлеріне назар аударылуда. Қаржыны негізсіз жұмсауды тоқтату үшін спорттың басым түрлері белгіленген. Осыған байланысты, олимпиадалық емес спорт түрлерін онтайландыру бойынша Олимпиада ойындарына және Азия ойындарына кірмейтін спорт түрлерін кезең-кезеңімен қайта профильдеу жұмыстары жүргізілуде.