ШЫМКЕНТ: Дендросаябақ аумағына күтіп-баптау шаралары жүргізілді

0
1 157

Саябаққа әр аймақтан әкелінген ағаштар мен гүлдер отырғызылды.


ШЫМКЕНТ: Дендросаябақ аумағына күтіп-баптау шаралары жүргізілді

Шымкенттегі Дендросаябақ аумағына күтіп-баптау шаралары жүргізілуде, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Шымкент қаласынының жайлы ортаны дамыту басқармасына қарасты, А.Асқаров атындағы Дендросаябақта 30 маусымы мен 1 шілде аралығында «Дендросаябақтың стратегиялық дамуы» атты ғылыми техникалық мәжіліс өткен болатын. Жиынға Республика көлеміндегі ғалымдар қатысып Дендросаябақтың даму концепциясы мен саябақтың дамыту бағытындағы өзекті мәселелерін талқыға салған еді. Нәтижесінде саябаққа әр аймақтан әкелінген ағаштар мен гүлдер отырғызылды. Атап айтқанда:
- Астана қаласындағы Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті саябағынан келген скалный можевельник, колоновидная туя, агава бұталы өсімдіктер;
- Шығыс Қазақстан облысы Катонқарағай ауданындағы «Катонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі» РММ-нен 1500 дана сібірлік шырша қылқан жапырақты ағаш;
- Түркістан қаласындағы «Түркістан қаласының ботаникалық бағы» мекемесінен 500 дана колифорниялық терек;
- Тараз қаласынан 17000 дана шафран, қыраугүл, түймедақ және қоразгүл гүлдері мен петуниядан 7500 түп гүлдер отырғызылды.
Айта кетейік, көктем мезігілінде «Ағаш егу» іс-шаралары ұйымдастырылып, жай жапырақты 253 түп әртүрлі ағаштар, қылқан жапырақты ағаштардан 294 түп және сирек кездесетін агава бұталы ағашынан 59 дана отырғызылған болатын.
Қазіргі таңда саябақ аумағында кездесетін ағаш-бұталардан гербарий қоры жасалып, егілген ағаштар мен гүлдерге уақытылы күтім жасалуда.