Шымкент: Дендросаябаққа жаңа басшы тағайындалды

0
2 870

​Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябаққа Ғани Қарабеков басшы болды.


Шымкент: Дендросаябаққа жаңа басшы тағайындалды

Асанбай Асқаров атындағы Дендросаябаққа Ғани Қарабеков басшы болып тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.


Ғани Қарабеков 1968 жылы Оңтүстік Қазақстан облысы Ордабасы ауданы Темірлан ауылында дүниеге келген. К. А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауылшаруашылық академиясында «Ғалым агроном» мамандығын, Халықаралық гуманитарлық-техникалық университетінде «Заңгер» мамандығын бітірген.

Оңтүстік» әлеуметтік-кәсіпкерлік компаниясы» АҚ, «ҚазАгроҚаржы» АҚ, «Оңтүстік» Қаржы компаниясы АҚ, «Аэропорт Шымкент» АҚ, ЖШС «Құрылыс технологиялары», ЖШС «Югнефтеоргсинтез», ЖШС «Жаңа Ақдала», Оңтүстік Қазақстан облысы Кәсіпкерлер палатасының басшылық лауазымындағы кафедра меңгерушісінен бастап компанияның бірінші басшысына дейінгі қызметтерін атқарған.