Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қала тұрғындарының арыз-шағымдарына дер кезінде жауап береді

0
882

Сіздің де шағымыңыз болса басқарма басшысының жеке аккаунтына жолдасаңыз болады.


Шымкент: Денсаулық сақтау басқармасының басшысы қала тұрғындарының арыз-шағымдарына дер кезінде жауап береді

2020 жылдың екінші қазанынан бастап Шымкент қаласының Денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы қызметіне Позилов Бақытжан Жолдасбекұлы тағайындалды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бақытжан Жолдасбекұлы – денсаулық сақтау саласын дамытуға үлес қосып жүрген білікті басшылардың бірі. Жаңа қызметте басқарма басшысының міндеттері көп, бірақ басты және өзгермейтін қағидаты – халықтың денсаулығы үшін қызмет ету.
Осыған орай Бақытжан Жолдасбекұлы қала тұрғындарынан келіп түсетін арыз-шағымдардың дер кезінде қаралып, мәселенің шешілуі үшін әлеуметтік желі арқылы кері байланыс орнатуды қолға алды. Сондықтан, Шымкент қаласындағы денсаулық сақтау саласына қатысты ұсынысыңыз, шағымыңыз немесе пікіріңіз болса, мына сілтеме арқылы басқарма басшысының жеке аккаунтына жазсаңыз болады.
Ендеше, бәріміз бірге денсаулық сақтау саласын дамытайық!