Шымкент: Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың саны артты

0
2 935

Сыбайлас жемқорлық деңгейі өткен жылмен салыстырғанда 4 есе өскен.


Шымкент: Денсаулық сақтау саласында сыбайлас жемқорлықтың саны артты

Шымкент қаласының әкімі М.Айтеновтың төрағалығымен өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері жөніндегі комиссия отырысы өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Жиында Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Шымкент қаласы бойынша департаментінің басшысы А.Жұмағали өткен жылы Департаментпен 118 құқық бұзушылық тіркелгендігін айтты.


Сыбайлас жемқорлық білім беру саласында, денсаулық сақтау, жер қатынастары және әлеуметтік қорғау, сондай-ақ құрылыс салаларында көптеп кездесуде.

- Денсаулық сақтау саласындағы сыбайлас жемқорлық фактілерінің көбеюі ерекше алаңдаушылық тудырады.Өткен жылғы сандарға сәйкес осы саладағы қылмыстардың 4 есе өсуі байқалады (3-тен 12-ге дейін). Аталған сала сыбайлас жемқорлық деңгейі бойынша көшбасшылар қатарына енді.

Өткен жылдың өзінде Департаментпен медицина қызметкерлеріне қатысты 12 қылмыс тіркелді. 4 тұлғаға қатысты сот үкімі шығарылды, - деді Асхат Жұмағали.


Жемқорлыққа бейім мемлекеттік мекемелердің біріне айналған емханалар мен ауруханалар Transparency Kazakhstan зерттеуінде де осы саладағы жағымсыз жағдай туралы айтылуда.