ШЫМКЕНТ: Дін істері басқармасы құрылды

0
1 723

Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды.


ШЫМКЕНТ: Дін істері басқармасы құрылды

Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс алпыс алтыншы сессиясында Шымкент қаласы ішкі саясат және дін істері басқармасының ішінен дін істері функциясы алынып, жаңадан «Шымкент қаласының дін істері басқармасы» құрылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Сондай-ақ, Ішкі саясат басқармасының құрамына жастар бөлімі енгізіліп, Шымкент қаласының ішкі саясат және жастар істері жөніндегі басқармасы болып қайта құрылды.

Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың жастар істері бөлімі ішкі саясат басқармасына қосылуының негізігі себебі бір бағытта жұмыс жасауы болып отыр. Жастар саясатын жүргізу ішкі саясат басқармасының құзырына қарайтын болғандықтан біріктірілді.

Сонымен қатар Шымкент қаласы мегаполис статусын алғанға дейін (2018 жыл шілде айы) жастар істері жөніндегі бөлім ішкі саясаттың құрамында болған. Отбасы, балалар және жастар істері жөніндегі басқарманың қалған бөлімдері Білім басқармасының құрамына енгізілді.