ШЫМКЕНТ: «e-Salyq Azamat» қосымшасында салық әмияны іске қосылды

0
420

Аталған қосымшаны App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады.


ШЫМКЕНТ: «e-Salyq Azamat» қосымшасында салық әмияны іске қосылды

Шымкентте салықтар мен бюджетке төленетiн міндетті төлемдерге қатысты брифинг өтті, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Брифинг барысында Ж.Шерхан «e-Salyq Azamat» мобильді қосымшасы туралы айтты.

Электрондық қызметтерді алу кезінде салық төлеушілерге қолайлы жағдай жасау мақсатында ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті тарапынан «e-Salyq Azamat» мобильдік қосымшасы іске қосылды. Аталған қосымшаны App Store және Play Market арқылы жүктеп алуға болады. «Е-Salyq Azamat» қосымшасында салық әмияны, жалпыға бірдей декларациялау, салық салу объектілері, қызметкердің еңбек ақысы, салық және әлеуметтік төлемдер бойынша берешек туралы, БЖТ, электронды сервистер, калькуляторлар, жиі қойылатын сұрақтар қызметтері іске қосылды, – деді Жұман Уәлиханұлы.
Айта кетейік, жауапты мемлекеттік лауазымды атқаратын, мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген және мемлекеттік функцияларды орындауға уәкілеттік берілген адамдарға теңестірілген тұлғалар сондай-ақ олардың жұбайлары (зайыптары) тапсыратын активтер мен міндеттемелер туралы декларацияны электрондық түрде салық төлеушінің кабинеті (cabinet.salyk.kz) арқылы ұсынуға болады. «Электрондық үкімет» порталы (egov.kz), «e-Salyq Azamat» және «eGov mobile» қосымшалары арқылы жүзеге асырылады.