ШЫМКЕНТ: Егіздің сыңарын өлтірген қылмыскер 13 жылға сотталды

0
1 933

Бастапқы сот сатысында 10 жыл мерзімге сотталған болатын.


ШЫМКЕНТ: Егіздің сыңарын өлтірген қылмыскер 13 жылға сотталды

иллюстрациялық фото

Шымкент қалалық сотының қылмыстық істер жөніндегі апелляциялық алқасы егіз азаматтардың бірін пышақтап өлтірген сотталушыға қатысты жазаны қатаңдатты, деп хабарлайды ERNUR.KZ тілшісі.

Х.Тұрдиевтің өліміне кінәлі деп танылған Тахир Хамутбеков апелляциялық алқаның ұйғарымымен 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесілді.

Бастапқы сот сатысында 10 жыл мерзімге сотталған болатын.

Еске сала кетейік, өткен жылдың 24 маусымында Хасан және Хусан Тұрдиевтер таныстарының шақыртуымен жанар жағар май құю бекеті маңына келеді. Кездескен екі тарап арасында жанжал туындап, соңы төбелеске ұласқан. Салдарынан жиырма төрт жастағы Хусан пышақ жарақатынан көз жұмған. Кісі өлімі бойынша төрт адам қамауға алынып, үшеуіне ақтау үкімі шығарылған. Сот үкімімен келіспеген жәбірленушінің туыстары апелляциялық шағым келтірген.

Шымкент қалалық сотының апелляциялық сот алқасы бірінші сатыдағы сот үкімін ішінара өзгертіп сотталушы Тахир Хамутбековке 13 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.