ШЫМКЕНТ: Екі бағытта жаңа жолаушылар автобустары жүре бастады

0
2 105

Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.


ШЫМКЕНТ: Екі бағытта жаңа жолаушылар автобустары жүре бастады

Шымкентте жаңа екі автобус бағыты ашылды, деп хабарлайды ERNUR.KZ shymkala.kz порталына сілтеме жасап.

Қалалық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының хабарлауынша, жаңа автобустар №16 және №45 бағыттар бойынша қызмет көрсетеді.

№45 автобустың жол жүру сызбасына тоқталсақ, көлік бағыты: АвтоЦОН (Достық шағынауданы) – Алматы айналма жолы – Жиделібайсын көшесі – Ю. Гагарин көшесі – Республика даңғылы – Тәуке хан даңғылы – Ж. Тәшенов көшесі – Төле би көшесін қамтып, ТЖВ аумағына дейін барады.

Сондай-ақ, жаңа №16 автобус мына бағыттар бойынша қызмет көрсетеді: «Shymkent bus» – Тәуке хан - Қойкелді батыр, Ақназар хан, Төле би, Түркістан көшелері, Қонаев, Тәуке хан, Республика даңғылы, Б. Саттарханов, Ашурходжаев, Өркендеу, Чайковский, Б. Саттарханов, Ы. Алтынсарин, Тұрсынбаев көшелері – Ферма.

Айта кетейік, 19 маусым қала күніне орай Шымкентте жаңа «Shymkent Bus» автобус паркі ашылған болатын. Осы күні жоспарланған 300 жаңа автобустың 160-ы жеткізілді. Жалпы автопаркте жанармай бекеті, сервистік орталық, автожуу қызметінен бөлек, қызметкерлер үшін жатақхана, медпункт және жүргізушілерге арналған асхана да қарастырылған. Қаладағы автобустарды жаңалау үшін аталған парк таяу арада жаңа 1000 автобус алмақ.

Қазақстанда құрастырылған жаңа автобустар салқындатқыштармен, пандустармен, бейнекамералармен, жолаушылар ағынының датчиктерімен, GPS-трекерлермен жабдықталған. Автобустың жалпы сыйымдылығы - 56 адам.