ШЫМКЕНТ: Экскаваторшы 8 мыңнан астам үй мен бірнеше мекемені табиғи газсыз қалдырды

0
1 239

Апатты жағдайға кінәлі адам оқиға орнынан ізін суытып үлгерген.


ШЫМКЕНТ: Экскаваторшы 8 мыңнан астам үй мен бірнеше мекемені табиғи газсыз қалдырды

Бүгін Шымкент қаласындағы Тоғыс елдімекенінде жеке тұлғаға тиесілі жерде қазужұмыстарын жасап жатқан эксковаторшы диаметрі 400 мм болатын газ құбырын бұзып, бірнеше елдімекендерді табиғи газсыз қалдырды, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Осының кесірінен «Елтай», «Маятас», «Тоғыс», «Жыланбұзған», Леңгір қаласы мен тағы бірнеше елдімекенге баратын табиғи газ тоқтатылды.

Аталған жердегі қазу жұмыстары газбен қамтамасыз ету мекемесінің келісімінсіз жасалған.

«ҚазТрансГазАймақ» компаниясының мамандары апат болған жердегі газдың шығуын тоқтатып үлгерген. Қазір газбен қамтамасыз ету жүйесінен 11 газтаратушы бекет, 68 ұжымдық ШРП, 14 өндірістік мекеме, 115 коммуналдық-тұрмыстық өндірістік мекеме ажыратулы тұр. Сонымен қатар, 8166 жеке үй табиғи газсыз қалды.

Айта кету керек, апатты жағдайға кінәлі адам оқиға орынан ізін суытып үлгерген, бірақ жергілікті полицейлердің көмегімен тез-ақ қолға түсті.

Қазір мамандар апатты жерді қалпына келтіру жұмыстарымен айналысып жатыр. Бірақ табиғи газ шығын өтелген соң ғана қайта қосылатынын хабарлады «ҚазТрансГазАймақ» компаниясының баспасөз қызметі.