Шымкент экспорт көлемін ұлғайтты

0
776

Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларын құрады.


Шымкент экспорт көлемін ұлғайтты

Шымкент қаласының сыртқы сауда айналымы 404,4 млн АҚШ долларды құрады, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бұл туралы Шымкент қалалық кәсіпкерлік және индустриялды-инновациялық даму басқармасының басшысы Береке Дүйсебеков мәлім етті.

Оның ішінде экспорт – 137,4 млн АҚШ долларын құрап, өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 14,2 пайызға өскен.

Жалпы экспорттың ішінде шикізаттық емес экспорт көлемі есепті кезеңде 106,5 миллион АҚШ долларын құрап, өткен жылмен салыстырғанда 154,8 пайызды құрады. Бұл салада экспортталып жатқан өнімдер, атап айтқанда – 49,9 миллион АҚШ доллары көлемінде мұнай өңдеу өнімдері, 15,3 миллион АҚШ доллары сомасына тамақ өнімдері, 4,9 миллион АҚШ доллары сомасына фармацевтикалық өнімдері, 4,4 миллион АҚШ доллары сомасына машина мен жабдықтардан басқа дайын бұйымдар өндіру, 2,1 миллион АҚШ доллары сомасына өнеркәсіп үшін химикаттарды өндіру, 1,3 миллион АҚШ доллары сомасына өзге металл емес минералдық өнімдер өндірілген.
Сондай-ақ, 9 миллион АҚШ доллары сомасын резеңке және пластмасса бұйымдарын өндіру, 6 миллион АҚШ доллары сомасын қағаз және қағаздан жасалған өнімдер шығарылған. Экспорттың басым бөлігі Өзбекстан, Тәжікстан, Ауғанстан, Ресей, Қырғызстан, Түркия, Қытайға жөнелтілген.
Ал өңдеу өнеркәсібінде қаладағы (тамақ өнімдерін өндіру, жеңіл өнеркәсібінде, машина жасау, металлургия, фармацевтика және құрылыс өнімдерін өндіру т.б салаларында) 54 кәсіпорын тұрақты экспортқа өнім шығарады.
Экспортқа бағдарланған жергілікті тауар өндірушілерге қолдау көрсету, өнімдерін экспортқа шығаруда бірқатар жұмыстар атқарылды. Атап айтқанда, «QazTrade» Сауда саясатын дамыту орталығы» АҚ және «KazakhExport» Экспорттық сақтандыру компаниясы» АҚ-мен бірлесіп, экспорт жөніндегі өңірлік кеңесі өткізілді. Бұдан бөлек, экспорт және халықаралық сауда бойынша оқыту курстарының сессиясы ұйымдастырылып, іс-шараға қаладан 30 кәсіпорын қатысты. Аталған іс-шараларда кәсіпкерлерді қолдау, экспортқа өнім шығарудың тетіктері қарастырылды.