Шымкент еліміздегі эконмикалық өсімі артқан аймақтың бірі

0
234

Сонымен қоса экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Маңғыстау облысында байқалып отыр.


Шымкент еліміздегі эконмикалық өсімі артқан аймақтың бірі

Шымкент еліміздегі эконмикалық өсімі артқан екі аймақтың бірі, деп хабарлайды ERNUR.KZ.

Бүгінгі Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономиканың 7 көрсеткіші бойынша екі өңір ғана өсім көрсеткенін айтты. Оның айтуынша, экономиканың 7 көрсеткіші бойынша оң өсім Шымкент қаласы және Маңғыстау облысында байқалып отыр. Ал, 6 көрсеткіш бойынша бес өңірде өсім тіркелген екен. Олар: Ақмола, Ақтөбе, Жамбыл, Қарағанды және Қостанай облыстары.
Министр сауда және көлік бойынша жағдай жақсарып келе жатқанын, бұл өңірлердегі іскерлік белсенділіктің артқанын айғақтайтынын баса айтты. «Сауда бойынша 13 өңірде өсім байқалады. Бұл ретте бөлшек сауда 6,2 пайызға өсіп, ішкі сұраныстың қалпына келуін көрсетеді. Атырау облысынан басқа, Маңғыстау облысы және Шымкент қаласының көлік саласы бойынша қызмет көрсету жақсарды», - деді Әсет Ерғалиев.
Сондай-ақ, ҚР Ұлттық экономика министрі Әсет Ерғалиев экономикалық өсімді қалпына келтіру үшін ірі компаниялармен инвестициялық келісімдерді іске асыруға, ауыл шаруашылығы және құрылыс-монтаж жұмыстарының маусымын белсенді өткізуге және «Жұмыспен қамту жол картасы» мен «Еңбек» бағдарламалары аясында таргеттелген тұрақты жұмыс орындарын құру қажеттігін айтты.